Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ҚАЖЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ТҮРКИЯ ТӘЖІРИБЕСІ ЕСКЕРІЛЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 02.10.2019 1101 0 пікір
ҚМДБ: ҚАЖЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ТҮРКИЯ ТӘЖІРИБЕСІ ЕСКЕРІЛЕДІ (ФОТО)

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Түркия дін істері басқармасы Қажылық және умра қызметтері департаментінің жұмысымен танысты.

Департамент директоры Ремзи Биржан қажылық және умра саласы бойынша Түркия тәжірибесін тәптіштеп түсіндіріп берді. Кездесуге ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Іс басқарушы Ербосын Орын, Қажылық және ұмра бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалықов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Басқосуда Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстаннан небары 100 адам қажылыққа барғанын, бүгінде бұл көрсеткіш 5 мыңға жеткенін айрықша атап өтті.

Екі жақты кездесу барысында ҚМДБ қызметкерлері қажылық сапарын ұйымдастыру жұмыстарына қатысты сауалдар қойып, ортақ мәселелерді талқылады.
Департамент директоры атажұрттағы әріптестеріне қашан да қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуден кейін ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов түркиялық әріптестерімен келіссөздер жүргізді.

Айта кетсек, Түркияда жыл сайын 80 мың мұсылман қажылық парызын өтейді. 80 мың қажының 60 пайызына Түркия дін істері басқармасы қызмет көрсетеді. Жыл сайын 300-400 мың адам кіші қажылыққа барады екен.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі