Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ІІІ ИМАМДАР ФОРУМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 20.09.2019 1372 0 пікір
ІІІ ИМАМДАР ФОРУМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ІІІ республикалық имамдар форумын өткізеді. Бүгінде айтулы шараға қатысты қызу жұмыс жүруде.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен ҚМДБ орталық аппарат жиналысының кезекті хаттамалық отырысында республикалық іс-шараға дайындық жұмыстары пысықталды. Жиналысқа ҚМДБ төраға орынбасары Бауыржан қажы Есмахан, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, сонымен қатар мүфтият қызметкерлері қатысты.

«Алдымызда атқаратын үлкен жоба – ІІІ республикалық имамдар форумын ұйымдастыру. Бұл игі шараны жоғары деңгейде өткізу үшін әрқайсымыз өз саламыз бойынша белсенді түрде атсалысуымыз қажет», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Елордада осымен үшінші рет өткелі жатқан форумда еліміздегі діни рәсімдерді бірізге түсіруге, дін қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелерін бекітуге арналған құжаттар қабылданбақ.

Форумды алдағы қазан айында өткізу жоспарланды.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі