Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Серікбай қажы Ораз медресе шәкірттерімен кездесті

www.asyldin.kz 07.09.2019 962 0 пікір
Серікбай қажы Ораз медресе шәкірттерімен кездесті

Жамбыл облысына арнайы іс-сапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз "Һибатулла Тарази" медресесінің шәкірттерімен жүздесті. 

Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, облыстық мешіттің бас имамы, медресе директоры Қанат Жұмағұл, ұстаздар мен барлық 1,2,3 курстың шәкірттері қатысты.

Хазірет студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, діни білім алу жолында үлкен сәттілік пен мол ықыласты болуларын тіледі.

"Білімді шыңдау керек. Өйткені, қазіргі уақыт білімдінің заманы. Бұрынғы кездердегідей кадр тапшылығы жоқ, орны толып келе жатыр. Сондықтан бізге сапалы, білікті мамандар қажет", - деп атап өтті Бас мүфти.

Аталған оқу орнын бітірген соң ЖОО-на түсіп, оны дамыта түсу керектігін сөз қылып, Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында имамдардың білімдерін тереңдетуге арналған оқу орнының ашылатынын айтып сүйіншіледі. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі