Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

12.07.2019 269 0 пікір

Бүгін Алматы қаласының Орталық мешітінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті.

Кездесуде Алматы қаласында діни салада атқарылып жатқан жұмыстар, сонымен қатар қоғамдық келісім мен дінаралық диалогты нығайту мәселелері сөз болды.

Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Бақытжан Әбдірұлына қалада орналасқан 51 мешіттің сауапты һәм салауатты шаралары жайлы, қайырымдылық бағытындағы игі жобалары туралы баяндап берді.

Қасиетті жұма күнгі кездесу соңында Орталық мешітте Құран оқылып, дұға жасалды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі