Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ОРТАЛЫҚ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

29.05.2019 759 0 пікір

Бүгін Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жиналысы өтті.

Кезекті жиналысқа ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мештінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төраға орынбасары Бауыржан қажы Әбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, бөлім меңгерушілері мен мамандар қатысты.

Аппарат жиналысында ҚМДБ-ның уағыз-насихат, оқу-ағарту, баспасөз және баспа, қажылық, қайырымдылық, т.б. бағыттағы жұмыстарының есебі тыңдалып, жуырда жүзеге асатын жобалар жан-жақты талқыланды.

Қажылыққа арналған кітаптар шығару, университет пен медресе шәкірттерін қызметке орналастыру, БАҚ беттерінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру, қайырымдылық акциялар ұйымдастыру, т.б. мәселелер сөз болған кездесуде Бас мүфти бөлім меңгерушілеріне нақты тапсырмалар берді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі