Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Жастар жылы қорытындыланды

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.11.2019 3627 0 пікір
Қызылорда: Жастар жылы қорытындыланды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Жеті рухани қазық – жастар ұстанымы» атты Сыр жастарының облыстық форумы өтті.

Форумның мақсаты – Жастар жылын Қызылорда өңірі бойынша қорытындылау, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы жолында түрлі сала мамандарының  тәжірибелері арқылы жас қазақстандықтарды имандылыққа, парасаттылыққа, ауызбірлікке, белсенділікке үндеу. Сондай-ақ рухани құндылықтарымызды бойға сіңіріп, сапалы ұлт қалыптастыру кезеңінде үлес қосуға насихаттау. Сонымен қатар, 23 қазанда елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Рухани құндылықтар –  қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына үн қосу.

Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, қазақ эстрадасының әншісі, Сыр елінің тумасы Серік Ибрагимов, Jas Otan Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Оспанұлы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, Нұр-Мұбарак университетінің докторанты, Байқоңыр қалалық «Жәрімбет ата» мешітінің бас имамы Дастан Жанасұлы, белгілі боксшы Қамшыбек Қонқабаев, жасөспірімдер арасында дзюдодан Олимпиада чемпионы Бауыржан Жауынтаев, жастар арасында дзюдодан әлем чемпионы Мағжан Шамшадин, «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қорының жетекшісі Сағатбек Қуанышбайұлы, «Әділет» студиясының директоры Әділет Байнашев, «Қорқыт құрамасы» жайдарман тобының мүшесі, «Ең үздік ойыншы-2012», «Қабатов-шоу» тележобасының актері Асылхан Әбілханұлы, «Аралас құрамасы» жайдарман тобының мүшесі Ақылбек Скендіров шақырылып, аудандағы «Жастар ісі» секторына, университет және колледждің тәрбие ісіне жауапты мамандар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Алғысөз алған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Сыр өңіріне жолдаған ыстық сәлемін жеткізіп, форум ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ризашылық білдірді.

Жиында меймандар ой бөлісіп, өңірдегі жастар саясатын жүргізуге үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Ершат Оңғаров алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру