Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Қариясы бар елдің қазынасы мол

Қостанай облысы бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 18.11.2019 3136 0 пікір
Қостанай: Қариясы бар елдің қазынасы мол

Қостанай облысы орталығындағы «Сұлтан сарайы» мейрамханасында ұлы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күніне арналған «Қариясы бар елдің қазынасы мол» атты мерекелік рухани кеш өтті.

Шараға дін қайраткерлері, қажылар, зиялы қауым өкілдері және ақ сақалды қарттар бен ақ жаулықты аналар қатысты. Бахытбек қажы Нұрғабылұлы бастаған мешіт қызметкерлері мен қала аудан бас имамдары үлкен дайындықпен келгенін көрсетті.

Бұл мағыналы кеште арқалықтық дарынды, өнерлі бала Дінмұхаммед Бектұрсынұлы илләһи ән, Жасұлан Махаттың орындауындағы терме орындады.

Кешке арнайы шақырылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы Мәуліт мерекесіне орай құттықтауын білдіріп Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтудың маңыздылығына тоқталды.

Жиында Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының өнерпаздары кейінгі жастарға үлкен тағылым болар «Қайырым жаса», «Молда мен шәкірт» секілді сахналық көріністерді көпшілік назарына ұсынды. Содан соң жылдағы дәстүр бойынша өңірдегі аудан мен қалалардың имамдары ұйымшылдық танытып, Мәуліт шарифін орындады. 

Кеш соңында Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет мешіт жанашырларынан игі шараларды атқарудағы белсенділігі үшін естелік сый-сияпат жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру