Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ерсін Әміре – Павлодарда

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі 18.11.2019 2816 0 пікір
Ерсін Әміре – Павлодарда

Белгілі исламтанушы Ерсін Әміре Мәуліт мерекесі қарсаңында Павлодар облысына атбасын тіреді.

Ол 14 қараша күні Құптан намазынан кейін жергілікті жамағатқа уағыз айтты. Ерсін Әміре Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт мерекесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ Екі дүние сардары туралы мол мағлұмат берді. Бұдан бөлек, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Екі сағатқа созылған кездесу көпшілік үшін пайдалы болғаны анық.

Ерсін Әміре 15 қараша күні Жұма намазына қатысып, уағыз айтты. Одан кейін Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен Мәуліт мерекесіне арналған кешке қатысып, шараның құрметті қонағы болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру