Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Форум тұғырнамасы насихатталуда

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 18.11.2019 2401 0 пікір
Қарағанды: Форум тұғырнамасы насихатталуда

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен ІІІ республикалық имамдар форумының маңызы ерекше. Осы форумда жасалған Діни рәсімдер мен діни лауазымдар тізілімі мен Ғұламалар кеңесі арқылы бірнеше рет талқылаудан өткен құжаттарды насихаттау бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда, Рухани тұғырнаманың міндеттерін, тәлімдері мен ұстындарын халқымызға жеткізу мақсатында Қарағанды облысына қарасты қала, аудан имамдарына екі күндік аймақтық семинар өтті.

Бұқар жырау ауданы Ростовка ауылы «Балкен ана» мешітінде өткен семинар сабақтарын облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы жүргізді. Имамдар мен барша дін қызметкерлерінің асыл борышы деп санаған бас имам Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы семинардың екінші күні осы тұғырнаманы халыққа насихаттауда табандылық таныту ісінде дін қызметкерлеріне серпін берді.

Дәрістер толыққанды өтуі үшін қатысушылар екі топқа бөлінді. Семинар барысында  имамдардың атқаратын діни рәсімдері: пенденің туған сәтінен бастап, өмірбойы түрлі кезеңде орындалуы тиіс жоралғылар, жер бесікке дейінгі амалдар нақтыланды. Атап айтқанда, сәбиге ат қою, бата беру, діни неке қию, дем салу, иман үйіру, жерлеу және қабір басына барып Құран оқу секілді адамның жеке басына қатысты ахуалдар. Сондай-ақ, имамдық ету, уағыз айту, Рамазан айындағы діни рәсімдерді атқару, зекетті түсіндіру және ұйымдастыру, қажылық рәсімдері сияқты пенденің құлшылығына қатысты тұстары қамтылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер – өз атауында көрсетілгендей, мүфтияттың мамандары, яғни имамдар орындайтын іс болғандықтан, бұл рәсімдерді дін қызметкерлері ыждағаттылықпен атқаруы маңызды. Әсіресе, «Жеті рухани қазық» атты Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы – басты құжатымыз. Семинар соңында бас имам қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстап, БАҚ тілшілеріне сұхбат берді. Облыстың төрт ауданынан жиналған дін қызметкерлеріне арналған семинардың жалғасы алдағы уақытта басқа аудандарда жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру