Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл облысы: Мешітте Мәуліт оқылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 15.11.2019 3620 0 пікір
Жамбыл облысы: Мешітте Мәуліт оқылды

Мүбәрак Мәуліт айы басталғалы бері елімізде, жалпы мұсылман жұртшылығында Алланың сүйікті құлы, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға арнап Мәуліт дұғасы оқылып, түрлі игі іс шаралар атқарылып жатыр. Сондай бір маңызды шара жұма күні облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде өтті.

Жұма күнгі жиында адамзаттың  асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне, қасиетті Мәуліт мерекесіне арнап, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл уағыз-насихат айтты. Ол ақыретте мұсылмандардың шапағатшысы болатын Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардың өнегелі өмір жолы, Алланың дінін адамзатқа таратудағы тағылымға толы істері, оның мүбәрак өмірі жайлы тілге тиек етті.

Жамағатқа есігін айқара ашқан құлшылық ордасын Пайғамбарымызға деген сағыныштан туындаған салауат кернеп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтай түсті.

Орталық мешіттің бас имамы Қанат Әділханұлы, наиб имамдар Әбжаппар Әмір мен Қасымжан Бекжігітұлы, «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ораз Баймаханов Мәуліт жырын оқыды. Сондай-ақ имамдар мен жұма намазына жиналған мешіт жамағаты бірігіп әлемге рақым етіп жіберілген нұрлы Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтты.

Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді. Жиын соңында жиналған көпшілікке құрма таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру