Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Сарыкөлдік отбасыға 146-баспана берілді

Қостанай облысы бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 15.11.2019 2222 0 пікір
Қостанай: Сарыкөлдік отбасыға 146-баспана берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен елімізде «Ел үлесі пәтерге» атты игі бастама қолға алынған болатын. Осы бастама Қостанай өңірінде тағы да жалғасын тапты.

Қостанай облысына арнайы сапармен келген «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы ҚМДБ «Зекет» қорының ықпалымен «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша қоныстойын тойлайтын жаңа отбасы туралы хабарлады. Міне, осылайша 146-ншы үй Сарыкөл ауданына бұйырды. Ол үй аудандағы «Қабдеш ата» мешітіне қызмет етуге келетін діни қызметкерге ұсынылатын болады. Осы баспананың 5-і Қостанай өңірінде берілгендігін атап өтті. Сонымен қатар, көпшілік алдында Сарыкөл ауданының бас имамы Нұрбол Балахметке пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ «Тайқазан» жобасы бойынша 30 отбасыға қайырымдылық мақсатта азық-түлік таратты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру