Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бекет Ата мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметкері 15.11.2019 2791 0 пікір
Маңғыстау: Бекет Ата мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде жылдағы дәстүр бойынша бесін намазынан кейін Мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Құран оқумен басталған рухани кеште Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Мәуліттің мазмұнын ашатын уағыз-насихат айтып, ардақты пайғамбарымыздың өмірінен сыр шертті.

Адамзаттың асылы, көркем мінездің патшасы соңғы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетімен жүріп, ғибратқа толы өмірін қылуға шақырды. Орталық мешіттің азаншысы Әли Қазақ Мәуліт жырын оқып, Хақ елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолдады.

Рухани шараға облысқа қарасты мешіттердің имамдары, мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты. Кеш соңында мешіт ақсақалдары ақ тілектерін жеткізіп, бір-бірін құттықтап, жылы лебіз білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру