Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Аймақтық форум өтті

Taglym.kz 14.11.2019 3705 0 пікір
Талдықорған: Аймақтық форум өтті

Талдықорған қаласында «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ аймақтық имамдар форумы өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы, Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен өңір имамдары қатысты.

Форумда сөз алған Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың форум қатысушыларына ыстық сәлемін жеткізіп, жиынның нәтижелі болуын тіледі. Сондай-ақ, ол республикалық имамдар форумында қабылданған «Діни лауазым тізілімі және міндеттері», «Діни рәсімдер тізілімі» және «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы секілді құжаттармен таныстырып өтті.

Алматы облысы дін істері басқарма басшысы Рахмет Разбекұлы имам қызметінің өмірдің әр саласында орын алатынын және қоғам тыныштығы мен ынтымағына дін қызметінің орасан әсері туралы тоқталды.

Ал белгілі ақын, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы: «Жеті қазық» рухани тұғырнамасының әр жеті тармағындағы жеті тақырыбын, жыл бойы 49 жұма намазында насихаттайтын болсақ, «рухани қазықты» бойға сіңірген нағыз қазақ жамағаты болып шыға келер едік. «Жеті рухани қазық» – тек имамдар еншісіндегі емес, жалпы ұлт және ұрпақ үшін жасалынып жатқан дүние», – деді.

Жиын соңында Жетісу аймақтық имамдар форумы қортындыланып, Үндеу қабылданды. Сонымен қатар, дін қызметіндегі елеулі жетістіктері үшін бірқатар имамдарға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз атынан алғысхаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру