Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Парасатқа үндеген жиын

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 14.11.2019 2857 0 пікір
Қостанай: Парасатқа үндеген жиын

Қостанай облыстық мешітінде имамдардың республикалық ІІІ форумының жалғасы ретінде аймақтық форум ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров, облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жанболат Үмбетов, белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет және ғалым Қалқаман Жақып қатысты.

 Форумды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет ашып, жұртшылыққа бұл басқосудың негізгі мақсаты мен міндеті жайлы айтып берді.

Содан кейін мәртебелі мейман Талғат Омаров Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қостанайлық ағайындарға арнаған ыстық лебізін жеткізіп, «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын таныстырды.

Діни тақырыптарға арнап бірнеше жинақ шығарған Ақылбек Шаяхмет өңірдің барлық ауданы мен қаласынан арнайы шақырылған ағайындар алдында көкейінде жүрген көрікті ойын ортаға салды. Сондай-ақ Қостанай облыстық дін істері басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов пен Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Жақып та пікір бөлісті.

Лисаков және Арқалық қалалық мешіттерінің бас имамдары Сабыржан Зейнелғабиденұлы мен Бектұрсын Торғайбайұлы «Діни қызметкерлердің атқаратын рәсімдері» және «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» туралы толық баяндады.

Жиын соңында облыстың бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет мұндай өзекті тақырыптарды қозғайтын шаралар алдағы уақытта облыс бойынша жалғасын табатынын хабарлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру