Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Жанға азық – жеті қазық

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі 14.11.2019 3073 0 пікір
Орал: Жанға азық – жеті қазық

Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің имамдары Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

Мешіт имамдары кездесулерде «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына жан-жақты сипаттама беріп, құжаттың маңыздылығына тоқталуда. Осы мақсата қалалық мешіт имамдары Орал  медресесінің шәкірттеріне, қалалық мешіт жамағатына, сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне мақалалар жариялап, радиоларға сұхбат берді.  

Тұғырнама әрбір мұсылман адамның бойынан табылатын негізгі жеті қасиет – имандылық, отаншылдық, білімге құштарлық, бірлікқұмарлық, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділдікті қамтиды.  Сондықтан бұл құжат қазіргі қоғамға ауадай қажет дүние. Ендеше, осы абзал қасиеттерді насихаттау, ұлттық болмысымызға сіңіру – рухани жаңғыруға жол ашары кәміл.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру