Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зәріпбай Оразбай

Зәріпбай Оразбай

Зәріпбай Оразбай

1956 жылдың 20 ақпанында Ташкент обылысының Қарасу ауданында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

1972 жыл орта мектепті бітіргеннен.

1972-1974 жылдар аралығында Ташкент облысының Ахангаран қаласындағы мешіттің хұжырасында Құран оқу және араб тілі ілімінен сабақ алған.

1974-1976- жылы әскери қызметті атқарып қайтқаннан кейін, тағы да Ахангаран қаласындағы мешіттің хұжырасында 1976-1979 жылдар аралығында Құран, хадис, шариғат және араб тілі ілімдері бойынша сабақ алған.

1979- жылдан бастап сол кездің әйгілі ғұламаларынан 1989- жылға дейін Құран тәпсірі, хадис және шариғат ілімдерінен тереңдетілген сабақ алып.

1989- жыл Ташкент қаласындағы Мұсылмандар Діни Басқарманың Тағлым бөлімі тағайындаған «Арнайы эксперт комиссиясына» жедел емтихандар тапсыру арқылы «Ислами және араби ілімдер» бойынша жоғары білім туралы дипломын алған.

1990 жыл Алматы қаласында алғашқы ашылған Ислам институтына түсіп, 1991- жылдың қаңтар айында Діни басқарманың арнайы эксперт комиссиясына жедел емтихандар тапсыру арқылы аяқтаған.

Еңбек жолы:

1991- жылы Жамбыл облысының орталық мешітіне өкіл имам етіп тағайындалды.

1993 жылдың науырыз айынан бастап Діни басқарманың бұйрығына сай Қазығұрт ауданына бас имам болып ауысқан.

2002 жылдың шілде айына дейін осы ауданда бас имам қызметін атқарып, Діни басқарманың 2002 жылдың 3- шілдесіндегі бұйрығына сай өз еркімен жұмыстан босаған.

Өзбекістандағы ханафи мазхабының атақты ғұламаларының бірі шайх Абдулазиз Мансурдің ғылыми жетекшілігімен Құран мағыналарын қазақ тіліне аударып, тереңдетілген түсініктемелерімен тәпсір жасауға кіріскен.

2005-2010 жылдар аралығында «Құран кәрім» мағыналарының қазақ тіліне аудармасы мен тәпсірі» атты кітабының 5 (бес) томы жарық көрді. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін ханафи мазхабының ақидасы мен шариғатына сай бірнеше кітаптары жарық көрді.

2010 жылдың 20 қаңтарынан бері «Зафар» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры қызметінде жұмыс атқарып келеді.