1982 жылдың 8 қыркүйегінде Монғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген.
Білімі:
-2000-2004 ж.ж. Халықаралық Қазақ-Араб Университеті. Шымкент қаласы Мамандығы: Дінтанушы және араб тілі пәні мұғалімі (үздік диплом)
-2004-2007 ж.ж. «Хасеки» Академиясы. Түркия, Кония қаласы.
-2009-2011 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті магистратура. Мамандығы: Дінтану магистрі (үздік диплом)
2016 қараша. Египет. Каир қаласы. Әл-Азһар унив. Дар аль-Ифта (Пәтуа бөлімі) 2 айлық білім жетілдіру курсы.
2018 жылдан бастап «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениеті университеті докторанты (ІІ курс, дінтану)
Еңбек жолы:
- 2007-2012 жж ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің референті қызметі.
- 2012-2015 қараша Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің найб имамы
- 2015 қараша - 2017 наурыз Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы
- 2012-2017 Ақтөбе обл Дін істер басқармасы, «Ансар» КММ теологы ретінде (имамдық қызметпен қатар келісім-шарт негізінде) деструктивті діни ағым өкілдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- 2017-2018 Атырау қаласы «әт-Тақуа» мешітінің найб имамы және «Шапағат» орталығының теологы (келісім-шарт негізінде) қызметін атқарды
- 2018 жылдан бастап Алматы қаласы Наурызбай ауданы Ибраһим мешітінің бас имамы
- 2016 жылдан бастап Республикалық ақпарат наихат тобының (РАНТ) мүшесі
Үйленген, 4 қызы, 1 ұлы бар.