Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ МҮФТИЛЕРІ ШУША ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХИ ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.10.2022 2840 0 пікір
ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ МҮФТИЛЕРІ ШУША ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХИ ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Түркі мемлекеттері ұйымы мүфтилер кеңесінің жұмыс жоспарына сай қонақтар Әзербайжанның оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1400 метр биіктікте орналасқан Шуша қаласының тарихи орындарын аралады.

Бес елдің мүфтиі ең алдымен 1768 жылы салынған тарихи көне «Юхары Гевхар-Ага» мешітінде болып, дұға жасады.

Кейін Шуша қаласының мәдени-тарихи орындарымен танысты. Атап айтқанда Керуен сарай, жаңадан салынып жатқан мешіттер мен өзге де қайта жаңарған нысандарды аралады. Сондай-ақ әзербайжан халқының біртуар перзенттеріне қойылған ескерткіштерді көріп таулы Қарабах жотасының шыңына шықты.

Айта кетейік Шуша қаласы бүгінде қайта жаңару үстінде. Қазіргі таңда қалаға баратын жол таулы қырат арқылы толық салынған. Бұл шаһардың тарихы 1752 жылдан бастау алады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру