Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ МЫСЫРДА ӨТІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.06.2022 2423 0 пікір
БАС МҮФТИ МЫСЫРДА ӨТІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының мүфтиі Шауқи Ибраһим Алламның шақыруымен Каир қаласына келді. Мұнда Мысыр мемлекетінің ұйымдастыруымен екі күнге жалғасатын «Діни экстремизм: идеологиялық алғышарттары мен қарсы тұрудың стратегиялары» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

Жиынды ашқан Мысыр мүфтиі жаһандық өзгерістер, экстремизм қаупі, Ислам дінінің құндылығы  мен тазалығы турасында айтып өтті. Алқалы жиынға арнайы келген ҚМДБ Төрағасы еліміздегі дәстүрлі құндылыққа тоқталып, жат ағыммен күрес, экстремизмге қарсы жобаларды тілге тиек етті.

«Қазақстан – тәуелсіздік алған тұстан бері жат ағыммен, псевдоисламдық көзқарастармен күресіп келеді. Бүгінгі таңда сырттан келетін түрлі өзге діни ағымдармен күрес жоспары жасалған. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Қазақстан – ғасырлар бойы Матуриди сенім мектебі мен Ханафи мазһабын ұстанып келеді. Орта Азия елдері секілді біз де салт-дәстүрімізді құрметтеп, соның аясында өмір сүрудеміз. Бұл бірінші кезекте бабалар жолын ұстану, өткенге құрмет. Еліміздегі діни тұтастықты сақтау, ислам атын жамылған астыртын топтармен күрес тоқтамайды.

Бүгінде әлемдегі геосаяси жағдай өзгеріп, көптеген елдерге қауіп төніп тұрғанда бұл тұрғыда бірігіп қимылдау арқылы ғана алдын аламыз. Осы мақсатта әлем елдерінің басын қосып, тұрақтылыққа шақырып отырған конференцияның түпкі идеясын қолдаймыз. Мемлекеттің, ондағы сан мыңдаған адамдардың өмірі басты назарда болуы тиіс. Оған төндіретін қауіп, сырттан келетін басқа да күштерге жол бермеуге тиіспіз» деді өз сөзінде Бас мүфти.

Айта кетейік, халықаралық конференцияға Орта Азия, Араб мемлекеттері, Шығыс Азия елдерінен жүздеген делегат қатысуда. Жиында әл-Азһар уәкілі Мұхаммед ад-Дуини, Мысыр Араб республикасының Уақып министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма арнайы баяндама жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру