Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ТАЛАБА» ЖЕТЕКШІСІ КОНЬЯДАҒЫ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.03.2022 2396 0 пікір
«ТАЛАБА» ЖЕТЕКШІСІ КОНЬЯДАҒЫ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының осы елдегі жетекшісі Жандос Айтбай Конья қаласында діни білім алып жатқан қазақ шәкірттерімен кездесті.

Қауымдастық жетекшісі алдымен студенттерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ білім алудың, әсіресе жастық шақтағы көп ізденудің маңызы, дінге, елге қызмет ету, қоғамға пайдалы болу жөнінде насихат айтты.

Кездесу барысында Жандос Айтбай шәкірттердің сұрақтарына жауап беріп, еркін сұхбат құрды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру