Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мәскеу: Еуразиялық халал индустриясын дамытуға арналған кездесу

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 13.02.2020 3901 0 пікір
Мәскеу: Еуразиялық халал индустриясын дамытуға арналған кездесу

Еуропа мұсылмандар діни басқармасы, Ресей Мүфтилер Кеңесі ғимаратында Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан мен Өзбекстан елінен арнайы келген қонақтармен 5 жақты арнайы кездесу өтті.

«Халықаралық халал стандарттау және сертификаттау» орталығының директоры Айдар Газизов Ресей Мүфтилер Кеңесіне қарасты халал стандарттау және сертификаттау саласының жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков те Діни басқармаға қарасты халал өнімдерін стандарттау бойынша атқарылған шаралар, тәжірибелер мен жетістіктер, сертификаттау барысында қойылатын талаптар жайында айта келе, халал сертификат беруші немесе үлестіруші шетелдік мекемелердің баршасын бірдей қабылдай алмайтынын жеткізді. Мәселен, біздің талап бойынша құс фабрикасында тауықты қолмен сойу керек. Механикалық тәсілмен сойылған тауық етін қабылдай алмайтынын әрі ондай өнімге халал сертификаты берілмейтінін ескертіп өтті.

«Халықаралық халал стандарттау және сертификаттау» орталығының директоры А.Газизов 5 жақты кездесу барысында «Еуразия Халал стандарттау орталығын» құруды ұсынды. Мақсат аталмыш елдер бір-бірімен сауда-саттық, импорт, экспорт мәселесінде тығыз қарым-қатынаста. Сол үшін әр елдің Діни басқармалары жанындағы халал стандарттау бөлімі тарапынан сертификатталған өнімді тану әрі халал аясын кеңейту, табыс көзіне айналдырған жекеменшік сертификаттау орталықтарына тосқауыл қою қажет деген ұсынысты алға тартты. Дөңгелек үстөл басында көптеген ұсыныстар ортаға салынып, талқыланып, келесі мәжілісте көтерілген ұсыныстар жайында ортақ шешімге келуге уағдаластық жасалды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру