Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Халал Даму» Халықаралық конгреске қатысты

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 13.02.2020 4016 0 пікір
«Халал Даму» Халықаралық конгреске қатысты

Мәскеу қаласында Ауыл шаруашылық министрлігі ұйымдастырған 27-ші халықаралық «PROD EXPO» көрмесі аясында Ресей Муфтилер Кеңесіне қарасты «Халықаралық халал стандарттау және сертификаттау» орталығының ұйытқы болуымен «Х Халықаралық халал конгрессі» өтті.

Аталған іс-шараға арнайы шақырту алған ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Қазақстандағы халал индустриясы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында «Халал даму» ЖШС-нің атқарған жұмыстарына тоқталды.

Сонымен қатар Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елінің халал стандарттау және сертификаттау саласының мамандары да қатысып, өз елдеріндегі халал саласында атқарылған шаралар, тәжірибелер мен жетістіктері жөнінде құнды ақпараттарымен бөлісіп, баяндама жасады.

Конгресс соңында «Еуразиялық Халал Одағының» төрағасы, «Халықаралық халал стандарттау және сертификаттау» орталығының бас директоры А.Газизов, РФ МДБ және Ресей Мүфтилер Кеңесінің бірінші орынбасары Р.Аббясов, РФ Ауғанстан елшісі Латиф Баханд жиында сөз сөйлеген спикерлер мен «PROD EXPO» көрмесіне қатысқан ең үздік «Халал өнім» байқауының жеңімпаздарына арнайы сертификат пен алғыс хат табыстады.

Халықаралық халал стандарттау және сертификаттау» орталығының бас директоры А.Газизов конгресс соңында келген қонақтарға және халал стандарты бойынша қызмет көрсетуші мекеме басшыларына алғыс хат беріп, игі тілегін жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру