Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Мысыр халқы 100 миллионнан асты

https://asyldin.kz/ 12.02.2020 3742 0 пікір
Мысыр халқы 100 миллионнан асты

Мысырдың Орталық статистика бюросының (CAPMAS) мәліметі бойынша, Мысыр халқы 100 миллионнан асты. Осылайша Мысыр халқының көптігі жөнінен араб елдері арасында – бірінші, Африкада – үшінші, ал әлемде 14-орынға шықты.

Сарапшылардың болжамынша, 2052 жылға қарай мысырлықтар 193 миллионға жетуі мүмкін. Ал егер билік органдарының тууды бақылау шаралары сәтті болса, онда бұл көрсеткіш 143 миллионнан аспайды.

Естеріңізге сала кетейік, Мысыр билігі халықтың өсуін елдің экономикалық дамуына кедергі келтіретін негізгі себептердің бірі деп атады. Сондай-ақ қазіргі уақытта Мысыр ең жас мемлекеттің бірі болып отыр. Бұл елде 15-тен 34 жасқа дейінгі азаматтар жалпы халықтың 34,5 пайызын құрайды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру