Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

17 April 2024

8 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Сауд Арабия қажыларға "ақылды" карта жобасын ұсынады

www.muftyat.kz 17.07.2019 3332 0 пікір
Сауд Арабия қажыларға "ақылды" карта жобасын ұсынады

25 000 қажы алғаш рет жоғары технологиямен жасалған электронды картаны қолданбақ. Бұл картаны Сауд Арабиясының Умра және қажылық министрлігі жасап шығарады. Картада әрбір қажының жеке ақпараты, денсаулығы жайлы анықтама, орналасқан жері мен қажылық жасайтын уақыты көрсетіледі. Сонымен қатар қажылардың Мекке мен Мәдина қаласындағы қалың топта адасып кетпеуін назарда ұстайтын арнайы құрылғы қондырылған. Бұл жайында Аsharq Al-Awsat ақпараттық агенттігі хабарлады. 

Сауд Арабиясының Умра және қажылық министрлігінің бас маманы Амр әл-Мадда бұл  "ақылды" қажылық жобасының дайындығы әрі осы жобаның тиімділігін сынақтан өткізу кезеңі болмақ дейді. 

Министрліктің өкілі жақын арада 200 000 шақты қажыға осы картаны ұсынбақшы, алайда әзірге оның ішінде тек қажы жайлы ақпарат болады, мекен-жайын назарда ұстау қызметі қосылмағанын айтты. 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру