Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен Наурыз аталып өтті

Cемей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 27.03.2019 3549 0 пікір
Семей: "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен Наурыз аталып өтті

Аталмыш шараға өңірдегі мешіт әйел жамағаты қатысты. Мерекелік шараны сектор меңгерушісі Тұрлықожанова Динараның «Дін мен дәстүр сабақтастығы»  тақырыбын ашықтаумен  басталып, әжелер өз кезегінде халық арасында кең таралған дәстүрлердің артықшылығын түсіндіріп,көрініс түрінде көрсетті.

Орталық мешіт шәкірт әжелері бесікке бөлеу, Тыныбай мешіт шәкірт әжелері келіннің әдебі, Жоламан мешіт әжелері тұсау кесу дәстүрін тек көрсетіп қоймай, ол дәстүрлердің шариғаттағы орны мен адам тұрмысында маңыздылығында жеткізді. Келген қонақтар арасында хадис-мақал, жұмбақ жасыру ойындары өтіп,сыйлықтар берілді. Мерекелік ақ дастарқан басында тілек баталар айтылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру