Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АҚШ: 8 жасар мұсылман шахматтан чемпион болды

www.kazislam.kz 20.03.2019 3006 0 пікір
АҚШ: 8 жасар мұсылман шахматтан чемпион болды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында үйсіз жандарға арналған уақытша панада отбасымен тұратын 8 жасар мұсылман бала шахматтан чемпион болды.

New York Times газетінің хабарлауынша, Манхэттенде босқындар үйінде отбасымен тұратын 8 жасар Танитолува Адевуми бастауыш мектептер арасындағы шахмат турнирінде өз қатарластары арасынан бірінші орын алған.

Туған-туыстары мен жақындары Тани деп атап кеткен бала 2017 жылы ата-анасы және үлкен ағасымен Нигериядан «Боко Харам» террористік ұйымынан қашып Нью-Йоркке көшіп келген.

Тани Нью-Йокртегі №116 мемлекеттік мектепте оқиды. Бір жыл бұрын шахмат клубына жазылып, өзінің қабілетін көпшілік алдында дәлелдеді.

Мектеп директоры Джейн Хсу New York Times басылымына берген сұхбатында: «Тани – қиыншылықтар жетістіктерге жету үшін кедергі болмайтынына үлкен дәлел» деп атап кетті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру