Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ыстанбұлда «Түркі әлеміндегі әйелдер рөлі» тақырыбында халықаралық жиын өтеді

www.inform.kz 07.03.2019 2920 0 пікір
Ыстанбұлда «Түркі әлеміндегі әйелдер рөлі» тақырыбында халықаралық жиын өтеді

Түркияда 9 наурызда «Түркі әлеміндегі әйелдер рөлі» тақырыбында бірінші халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Алқалы жиынды Болгариядағы (BULTÜRK) Түркі мәдениеті қауымдастығы, Ыстанбұл қаласындағы Байрампаша ауданының муниципалитеті, Молдованың Достық, мәдениет және ынтымақтастық қауымдастығы, сондай-ақ Болгарияның стратегиялық зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. BULTÜRK төрағасы Рафет Улутюрктің хабарлауынша, конференция түркі әлеміндегі әйелдердің рөлін талқылап қана қоймай, олардың  үкіметтік емес ұйымдарының мақсат-міндетін айқындауға көмектесетін болады. «Конференция өте маңызды. Біз нәзік жандардың халықаралық тұғырнамасын құрып, бұл арқылы нәзік жандар өкілдерінің өзекті мәселелеріне назар аудартуға тырысамыз. Алқалы жиынға жергілікті және шетелдің БАҚ шақырылып отыр. Конференция қорытындысы бойынша мәлімдеме қабалданатын болады»,-дейді Улутюрк.




Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру