«Джебхат ан-Нусра» террористік ұйымының 400-ге жуық содыры «Идлиб» аймағындағы сириялық әскерге шабуыл жасады. Бұл туралы Baq.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Сирияда жауласушы тараптарды ымыраға келтіру орталығының бастығы, генерал-лейтенант Сергей Соломатин журналистерге баяндап берді.
Оның айтуынша, Абу-Духур ауданында террористер автокөлікке отырғызып, жанкештіні қолданған.
Абу-Шарджи ауданында лаңкестер Сирия әскерінің оғынан кейін шегінген.
Ол Ымыраға келтіру орталығы түрік тарапымен өзара әрекет етіп жатқанын айтты. Абу-Духур мен Абу-Шарджи аудандарындағы жағдай туралы ақпарат шұғыл жетіп отыр.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру