Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҰҰ Астана процесіне жоғары баға берді

www.kazislam.kz 21.01.2019 2666 0 пікір
БҰҰ Астана процесіне жоғары баға берді

Астана процесі алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарында аталды. Осылайша әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін бас орган Қазақстанның Сирия шиеленісін реттеуге қосқан еңбегіне жоғары баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарар мәтінінде келіссөздердің астаналық форматы тұтқынға түскен адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың тезірек босатылуына, сондай-ақ қаза болғандар мен із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарды анықтауға елеулі үлес қосып жүргені айтылған. Құжатты дайындауға қазақастандық дипломаттар да қатысқан. Арасында Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Дәулет Ембердиев бар.

«Елбасы тапсырмасымен Астана процесімен айналыстық. Іс жүзінде ол Сириядағы бейбітшілікке жетудің жалғыз тиімді құралы ретінде қалып отыр. Қазақстандық дипломатия, қазақ жанының ниеті секілді адал әрі мейірімді. Үнемі бейбітшілікке шақырып, тараптарды бітістіретін бастамалар ұсынып, жүйелі саясат ұстандық. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде халқымыздың бейбіт саясатын паш еткенімізді мақтан тұтуға болады деп санаймын. Табысқа жетіп, өз міндетімізді орындадық» дейді Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы, Дәулет Ембердиев.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру