Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Сирияда жойқын жарылыстан 19 адам қаза тапты

www.kazislam.kz 18.01.2019 2845 0 пікір
Сирияда жойқын жарылыстан 19 адам қаза тапты

Сирияның Манбидж қаласында жойқын жарылыс болып,19 адам мерт болды, деп хабарлайды 24.kz.

Қаза тапқандардың арасында АҚШ әскерінің 4 жасағы бар. Тағы 3 американдық сарбаз ауыр жарақат алған. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, лаңкес АҚШ әскері күзеткен жерде өзін өзі жарып жіберген. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті атышулы Ирак және Левант лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.

Айта кетейік, Дональд Трамп өткен айда аймақтағы аталмыш террорлық ұйым жеңілгеннен кейін АҚШ-тың 2 мың әскерін Сирия аумағынан шығарамын деп уәде еткен болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру