Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Дұрыс тамақтанбау рейтингінде мұсылман елдері бар

www.kazislam.kz 16.01.2019 3156 0 пікір
Дұрыс тамақтанбау рейтингінде мұсылман елдері бар

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы Германиядағы Фридрих Шиллер атындағы Йен университеті сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Islam-today.

Ғалымдар дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын өлім көрсеткіштерін зерттеді. Айта кету керек, антирейтингтің алғашқы ондығы бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған елдерге тиесілі екен, оның ішінде мұсылман елдері де бар. Дұрыс тамақтанбау рейтингінде Өзбекстан көш бастап тұр. Бұл елде 100 мың адамға шаққанда 394 жағдай тіркелген. Екінші орында Түркменстан (376), үшінші орынға – Қырғызстан (349). Тізімді Украина (349), Молдова (328), Әзірбайжан (319), Беларусь (313), Тәжікістан (310), Қазақстан (306) және Ресей (291) елдері жалғастырады.

Зерттеуде белгілі болғандай, аталған елдердің тұрғындары жеміс-жидектерді, жаңғақ жемістері мен дәнді дақылдарды жеткіліксіз тұтынады екен. Ал Испания, Израиль мен Франция халқы дұрыс тамақтанатын елдер көшін бастап тұр. Бұл елдерде дұрыс тамақтанбау салдарынан болатын өлім көрсеткіші 100 мың адамға есептегенде 43-46 адамнан келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру