Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Тұңғыш Президент күнінде Астанада 30-ға жуық сәби дүние есігін ашты

www.baq.kz 01.12.2018 3063 0 пікір
Тұңғыш Президент күнінде Астанада 30-ға жуық сәби дүние есігін ашты

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов № 2 қалалық көпбейінді ауруханадағы Тұңғыш Президент күні дүние есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарын құттықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.

«Балаларыңыз лайықты азамат болып өсіп, барлығымызды қуанта берсін. Олар ерекше күні дүниеге келді – Тұңғыш Президент күні. Олардың бәрі де болашақта Отанымыздың атын шығаратын азаматтар болсын», - деді Бақыт Сұлтанов.

1 желтоқсанда таңертең № 2 қалалық көпбейінді ауруханада алты бала дүние есігін ашты. Олардың үшеуі – ұл, үшеуі – қыз. Жаңа туған сәбилердің де, аналардың да жағдайлары қалыпты. Жалпы бүгін елорданың перинаталдық орталықтарында 30-ға жуық сәби дүние есігін ашқан. Олардың көбі қыз балалар.

Мерекелік акция барысында жас аналарға гүл шоқтары, серуенге арналған арба мен нәрестелерге арналған бұйымдар сыйға тартылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру