Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Измирде ТүркПА депутаттарына Қазақстан Президентінің тарихи мақаласы туралы айтты

www.baq.kz 22.11.2018 3884 0 пікір
Измирде ТүркПА депутаттарына Қазақстан Президентінің тарихи мақаласы туралы айтты

Мәжіліс Төрағасы Елбасы мақаласының басты идеясы мен негізгі ұсыныстары біздің еліміздің ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін тарихи шаралардың басты оқиғасы болып табылатынына назар аударды.

Мемлекет Басшысы өз мақаласында қазіргі Қазақстан мен түркітілдес елдер және өткен ұлы дала империяларының арасындағы ажырамас ішкі байланыстарды көрсеткеніне тоқталған Мәжіліс Төрағасы, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық саясаткер, болашақты дәл және нақты түрде болжайтын біздің заманымыздың шынайы философы екенін тағы да дәлелдегіне мән берді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңдессіз ерекшелігі өз халқының тарихымен бірлікте болуының және оның болашағын қалыптастыру болып табылады, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы осындай ауқымды жобалардың бүкіл түркі әлемі үшін маңызы мен өзектілігіне мән беріп, Елбасының «Архив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» сияқты ауқымды бастамаларына тоқталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру