Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҰҰ босқындардың өлім көрсеткішіне алаңдаулы

kazislam.kz 05.09.2018 3090 0 пікір
БҰҰ босқындардың өлім көрсеткішіне алаңдаулы

Жерорта теңізінде босқындар өлімі көрсеткіші жыл соңына жетпестен рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы кеше БҰҰ Босқындар ісі бойынша агенттігі жариялаған баяндамада мәлім болды, деп жазады islam-today.ru.

Айта кету керек, 2018 жылдың қаңтар айынан шілде айы аралығында Жерорта теңізінде қаза болған және із-түзсіз кеткен босқындар саны 1600 адамнан асқан. Бұл дегеніміз әр 18 адамға 1 адамнан келеді – ал өткен жылы әр 43 адамның бірі теңізде ажал құшқан.

Құжатта биыл Еуропаға жеткен босқындардың саны 42%-ға төмендегені де ерекше ескерілген. «Бұл баяндама кезекті рет Жерорта теңізі арқылы сапарға шығудың қатерлі екенін көрсетеді» делінген агенттік мәлімдемесінде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру