Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Сауд Арабиясында жануарлар құқығы қорғалады

kazislam.kz 25.07.2018 3349 0 пікір
Сауд Арабиясында жануарлар құқығы қорғалады

Сауд Арабиясының Экология, ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрлігі жануарлардың құқықтарын қорғау туралы қаулы қабылдады.

Құжатта қатыгездік деп танылған бірқатар операциялар тізімі жазылған. Мәселен, жануарлардың құйрығы мен құлақтарын қысқарту, тырнақтары мен мүйіздерін алу, иттердің үрмеуі үшін дыбыс желбезегін кесу, химиялық кастрация (егер медициналық нұсқауы болмаса), т.б.

Сонымен қатар, жануарлардың жүндерін бояу, оларға пластикалық операция жасау (корольдікте түйелерге жиі жасалады), сондай-ақ, жануарларға өсуін тездететін препараттар беруге де заңмен тыйым салынған. Ал осы тыйымдарды бұзушылар заң алдында жауап беретін болады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру