Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ RUSSIAN HALAL EXPO КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Халал стандарттау бөлім www.muftyat.kz 03.05.2018 4058 0 пікір
ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ RUSSIAN HALAL EXPO КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасы мен «Совет муфтиев Россий» халықаралық халал стандарттау орталығының ұйымдастыруымен Мәскеу қаласында Russian Halal Expo көрмесі өтті. Аталмыш көрмеге Түркия, Малайзия, Марокко, Индонезия, Таиланд, Иран, Қазақстан,Біріккен Араб Әмірліктері елдерінен келген лауазымды тұлғалар қатысты.

Халықаралық көрменің мақсаты - Халал индустриясының дамуын күшейту, Халал стандарты бойынша сертификаттау жүйесін дамытудағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Көрме барысында Қазақстан елінен өкіл ретінде барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Әліпбекұлы «Халал стандарттау және сертификаттау жүйесі» тақырыбы аясында сөз сөйледі. Бейбіт Мырзагелдиев өз баяндамасында ҚМДБ-ның тексерісінен өтіп, халал сертификатқа ие болған кәсіпорындар саны 178-ге жеткенін, сонымен қатар 750 қасапшы «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты бағдарлама бойынша білім алып, куәлік және сертификатқа ие болғанын атап өтті.

«Айта кетсек, әлемдік стандарттарды ескере отырып «Халал Даму» ЖШС мамандары 3 стандартты дайындады. Атап айтқанда: «1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу»; «2:2016 «Азық-түлік және қызмет көрсету», «3:2016 «Халал өнімді өндіру, даярлау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сату қызметтеріне қойылатын жалпы талаптар» стандарттары бар. Соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған «TreeGene» молекулярлы-генетикалық зертханасы мен КазНИВИ зертханасымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытқа дейін жалпы 840 өнім зертханалық тексерістен өтіп, соның 110 өнімінен доңыздың ДНҚ-сы анықталды. ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның еншілес ұйымы және оның қызметкерлері қатарында КМДБ-ның пәтуә бөлімі мен әр аймақтағы имам өкілдерімен толығып отыр. «Халал даму» ЖШС тікелей дін және технология саласының мамандарымен бірлесе отырып жұмыс жүргізуіне байланысты елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де ерекше сенімге ие болып отыр», - деді Б.Әліпбекұлы өз баяндамасында.

Сонымен қатар, Қазақстанның екінші спикері «Халал Даму» ЖШС-ның бас сарапшысы Алмагүл Қуанышқызына сөз берілді. Алмагүл ханым Қазақстандағы халал стандарттаудың тәжірибесімен бөлісті. 

Халықаралық Халал конгресс аясында ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры және (SMIIC) мұсылман елдердің стандарттау және метрология институтының бас хатшысы арасында кездесу өтті. Кездесу барысында SMIIC ұйымы «Халал Даму» ЖШС-ға Косметика саласы бойынша 4-ші стандартын қолдануға ресми түрде рұқсатын берді. Айта кетсек, осыған дейін 2016 жылы 4 мамырда Түркияның OIS/SMIIC халал сертификаттау ұйымыөздерінің 3 стандартын Қазақстанда қолдануға жəне енгізуге рұқсатын берген болатын.

Көрме аясында Халал сертификаттау ұйымының директоры Бейбіт Мырзагелдиев Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (ESMA) стандарттау жөніндегі метрология басқармасының бас директоры Абдулла Абдудкадер Аль-Маини мырзамен кездесу өткізді. Өзара кездесуде біраз мәселелер талқыланып, «Халал Даму» ЖШС-ны ESMA ұйымының аккредиттеуінен өткізу туралы мәселелер сөз болды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру