Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ АҚШ ІССАПАРЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

muslim.kz 24.04.2018 3630 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ АҚШ ІССАПАРЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Сәуір айының 20-жұлдызында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация арнайы іссапармен АҚШ-қа аттанған болатын. Мамыр айының 11-жұлдызына дейін жалғасатын іссапар аясында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының өкілдері Мэрилэнд, Нью-Йорк, Делавэр, Вирджиния және Колумбия штаттарында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен,  Өркениет алмасу және ынтымақтастық қорының (CECF) Халықаралық бақылаушылар бағдарламасына (IOP) қатысуы жоспарланған.

Аталмыш «Өркениет алмасу және ынтымақтастық қорының» басшысы Башар Арафаттың бастамасымен қолға алынған жоба аясында АҚШ-тағы Ислам дінінің мәртебесі және мұсылмандардың америка қоғамына бейімделуіне байланысты мәселелер көтеріліп, дінаралық және конфессияаралық татулықты ту еткен түрлі конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатын болмақ.

Айтулы басқосуға елімізден аттанған арнайы топ алғашқы кездесулерге қатысып, жоспарлы жұмыс қарқыны басталып та кетті. Аттай 20 күнге созылатын жауапты іссапар барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырып, бірлікті бекемдей түсетін кездесулер мен отырыстар легі енді басталғандай. Мұхиттың арғы жағындағы алып мемлекеттегі қазақ делегациясының бұл сапардан еліміз бен жеріміз үшін, асыл дініміз үшін пайдалы болатын қомақты олжамен оралары сөзсіз.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру