Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Имамдар Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің наурыз мейрамына қатысты

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 02.04.2018 3254 0 пікір
Имамдар Қазақстанның Мысырдағы  Елшілігінің наурыз мейрамына қатысты

 

Каир қаласындағы Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшілігінің ұйымдастыруымен наурыз мерекесі болып өтті.

Аталмыш шараға Елшілікте қызмет ететін ұжым, «Әл-Азһар» университететінің студенттері және әйгілі «Әл-Азһар» университететінде біліктіліктерін шыңдап жүрген бір топ имамдар  қатысты.

Айтулы шараны ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Арман Исағалиев қасиетті наурыз меркесесінің қадір-қасиеттерін тоқталып, барша отандастарымызды наурыз мерекемен құттықтады. 

Осыдан кейін,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров жиналған көпшілікке дәстүрге сәйкес бата жасап, ақ тілегін арнады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шара өнерпаз студенттердің концерттік  қойылымдарымен жалғасты. Қазақтың әні мен күйі, сахналық қойылымдар көрсетті. Ұлттық спорт түрлеріне де кезек берілді. Соның ішінде қол күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру сынды ойындар ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздарына Елшілік тарапынан сыйлықтар үлестірілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру