Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Думанды Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті жұмада (ВИДЕО+ФОТО)

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі 24.03.2018 4534 0 пікір
Думанды Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті жұмада (ВИДЕО+ФОТО)

«Нұр Астана» орталық мешіті жұма намазына жиналған жамағат пен қала қонақтарына Наурыз мейрамына  орай мерекелік шара өткізді. Мешіттің ауласында 2 киіз үй тігіліп, жиналған қауымға тегін наурыз көже таратылды.

Күн мен түнді теңестірген, жылы шырайлы көктемнің хабаршысы болған, тамыры ежелгі дәуірлерден бастау алған Наурыз мейрамы көп ұлтты елімізде ауызбірлік пен татулықтың, өзара сыйластықтың символы ретінде қалыптасты. Еліміздің түп-түбірінде тойланып жатқан Наурыз мейрамын ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті де дүбірлетіп өткізді. Мешіттің ауласында 70 кісілік және 30 кісілік 2 киіз үй тігіліп, қалың бұқараға арнайы дастархан жайылды. Жиналған қауымды мерекесімен құттықтауға ҚМДБ наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Сақпайұлы Берік, Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Жүсіп Рахатұлы, Бейбітшілік және келісім сарайының басшысы Әділ Сейілханұлы, Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Балғабек Мырзаев, Астана қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин келді.  Әсем ән мен тәтті күйден шашу шашқан өнер адамдары мен бірқатар журналистер, әртістер мерекелік шараның сәнін келтірді. Атап айтар болсақ, Серікзат Дүйсенғазин, Қалқаман Сарин, Мәди Манатбек, Мұхтар Түртайұлы, Айдос Нұржанұлы, Нартай Сауданбек, Қуандық Қыстақбаевтар халықтың қуанышын бөлісті.

Ұлыстың ұлы күні Астана қаласының басқа мешіттерінде де мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Төлебай» мешітіндежиылған жамағатқа дәмі тіл үйірер наурыз көже  таратылып, спорттық ойын түрлерінен жарыстар өтті. Мешіттің әйел жамағаты да әз Наурыз мейрамын тойлауға атсалысып, арнайы дастархан жайып, келген қонақтардың көңілін алды.  Ғылмани мешітінің ауласында екі киіз үй тігіліп, жамағатқа палау мен наурыз көже таратылды.

Думанды  Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті жұмада (ВИДЕО+ФОТО)

Думанды  Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті жұмада (ВИДЕО+ФОТО))

gilmain 4

tolebai (9)

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру