Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Имамдар әйгілі «Әл-Азһар» университетінде білімдерін шыңдауда

Мұхамеджан Естеміров, Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы  05.03.2018 3660 0 пікір
Имамдар әйгілі «Әл-Азһар» университетінде  білімдерін шыңдауда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен  Мысыр Араб Республикасының «Әл-Азһар» университеті арасындағы мәдени ынтымақтастық келісіміне сәйкес бір топ имамдарымыз көне Каир қаласына келді.

Мәшһүр оқу ордасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің қолдауымен ҚМДБ-ға қарасты өңірлердегі мешіттерде қызмет атқарып жүрген имамдарымыз екі ай бойы Құран, хадис ілімі және лаңкестік пен экстрезимге қарсы біліктіліктері мен білімдерін арттыру мақсатында мол тәжірибе алып, білімдерін шыңдайды.

Айта кету керек, имамдарымызға екі ай бойы арнайы жатақхана мен үш мезгіл ас-су т.б. қажетті заттармен тегін қамтамасыз етіліп, барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру