Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Халал стандарты мемлекет деңгейінде бекітілді

islam.kz 12.02.2018 3587 0 пікір
Халал стандарты мемлекет деңгейінде бекітілді

Өзбекстанда «халал» стандарты ресми түрде бекітілді. Бұл жайында аталған елдің «Өзстандарт» метролгия, стандарттау және сертификаттау агенттігі мәлім етті.

«Аталған стандартты енгізу әрі талапқа сай сертификаттауды жүргізу – отандық өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтудің, қажылық туризм бағытында туриндустрияны дамытуға ықпал етудің сәтті мүмкіндігі»,- деп айтылған ресми хабарламада.

«Халал» стандартын енгізумен байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстардың аясында «Өзстандарт» агенттігі 2018 жылдың ақпан айының 1-нен бастап «Халал» тағам өнімдері бойынша жалпы басшылыққа алу» Oz DSt 3286:2018 мемлекеттік стандартын қолданысқа енгізеді. Сөз орайы келгенде айта кетейік, «халал» стандартында өнімді шариғат талаптарына сай дайындау, қаптау, маркілеу, сақтау, тасымалдау, сату қарастырылған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру