Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Пхенчханда намаз оқитын бөлмеге қатысты дау шықты

baq.kz 12.02.2018 3922 0 пікір
Пхенчханда намаз оқитын бөлмеге қатысты дау шықты

Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада мұсылмандардың намаз оқитын бөлмесіне қатысты дау шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Ислам дінін ұстанушылар Олимпиада ойындарының ұйымдастырушыларына намаз оқу үшін арнайы бөлме сұрағанда, пхенчхандықтар жасап береміз деген. Бұл туралы Чемпионат.com сайты Yahoo Sports басылымына сілтеме жасап жазады.

Каннын қаласының туризм комитетінің басшысы мұндай бөлмені әзірлеуге басында қарсы болмағанын айтты. Бірақ жергілікті тұрғындар бұған нарызылық танытқан.

Мұсылмандар сәжде ететін арнайы бөлмені әзірлеуге қарсы 56 мың оңтүстіккореялық қол қойды. Елдегі белсенділер өздерінің төлейтін салығына намаз оқитын бөлме әзірлеуге қарсы болып отыр. Олардың айтуынша, мұсылмандар кез келген таза жерде намаз оқи алады.

«Олимпиада ұйымдастырушылары Оңтүстік Кореяны ұлттар мен діндерді құшақ жая қарсы алатын ел ретінде көрсеткісі келді. Бірақ бұл ойы жүзеге аспады. Мұсылмандардың наразылығы тек күшейіп жатыр», - делінген мақалада.

Оңтүстік Кореяда 21 миллионға жуық адам тұрады. Оның тек 0,2 пайызы ислам дінін ұстанады.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру