Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Елордадағы Әзірет Сұлтан мешіті аз уақыт ішінде әлемге танымал болды

24.kz 29.01.2018 4852 0 пікір
Елордадағы Әзірет Сұлтан мешіті аз уақыт ішінде әлемге танымал болды

Екінші мерейтойы өткелі жатқан ел ордасы - Астана небәрі 20 жылда әлем таныған әсем қалаға айналды. Шаһарда сәулеті мен сәні келіскен бірегей, көркі көз тартар ғимараттар бой көтерді. Солардың бірі және бірегейі «Әзірет Сұлтан» мешіті. Нысан осыдан 6 жыл бұрын салынған еді. Осы уақыт ішінде  ғибадат етер ғимарат астаналықтар мен қала қонақтарының, туристердің ең сүйікті орнына айналды. Мұнда айына 80 мыңнан астам  адам келіп кетеді. Әзірет Сұлтан әлемнің ең көрікті 10 мешітінің қатарына кіреді.

Ал Орталық Азияда Құдайдың ең зәулім үйі саналады. Жалпы сыйымдылығы - 12 мың адам. Сәулетші Сағындық Жанболатовтың айтуынша, мешітті жобаламас бұрын бірнеше елде дәл осы нысандардың сәулетіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілген. Нәтижесінде елордада өзіндік кескін келбеті ерекше мешіт бой көтерді.    

Сағындық Жанболатов, Қазақстанның құрметті сәулетшісі:

Алыстан қарағанда мешіт ақ болып көрінеді. Жақыннан қарағанда әр түрлі түс шығады. Жасыл, жылы түстер шығады. Бұл мешіт ешқандай араб жеріндегіге ұқсамайды, Иран, Татарстанға ұқсамайды. Бірінші мешіт қазақтың стилінде классикалық үлгіде.  Астанаға жолы түскендер бұл мешітке бас сұқпай кетпейді. Елбасы атап өткендей, бүгінде Әзірет Сұлтан мешіті Қазақстан мұсылмандарының  рухани, мәдени-ағарту орталығына айналды. 

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

Кіші залдан үлкен залға өтер жердегі қабырғаға күміс Құран ілінген. Бұл Елбасының мешітке сыйлығы. Осман құраны сегізінші ғасырдағы көне исламдық қолжазба жәдігергінің нақты көшірмесі. Түпнұсқасы Санкт Петерборда қолжазбалар институтында сақталған. Ал біздегі күміс құран Елбасының тапсырмасымен Ресейдің ақша зауытында жасалған. 162 беттен тұрады. Жартысы осы қабырғаға, қалған жартысы қарсы беттегі қабырғаға ілінген. Мешітке Елбасы сыйлаған тағы бір  Құран бар. Бұл Қазақстандағы ең көне Құран. 12 ғасырда жазылған. Салмағы 40 келі.

Бақытжан Өткелбаев, Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы:

12-ғасырда Хауа Ибн Бадулла деген қари үнді пәкістандық қари осыны жазған. 14 ғасырда Әмір Темірдің бұйрығымен қазақ жеріне әкелінген. Қамыс қаламмен сияға батырып отырған жазған. Каллиграфия құсни хат дейді ислам терминінде.  Әзірет Сұлтан мешітінінің ерекшелігі мұнымен шектелмейді. Құранда аталған 25 пайғамбардың есімдері осында ғана жазылған. Ғимарат 70 пайыз ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендірілген. Оның бірқатарын  сәулетшілер қолмен құйып жасаған. Ал елімізде әзірге мынандай салмағы 3 тоннаға жететін аспалы шам жоқ. 3 қабаттан тұратын мешіттің аумағы18 мың шаршы метр. Әзірет Сұлтан мешітіне әлем халқының да қызығушылығы аса жоғары. Әлемнің алпауыт елдерінен 300 млнға жуық жарты млрдқа жуық көрермені бар телеарналар Әзірет Сұлтан мешіті жайында арнайы бағдарламалар түсірді. Қытай, Ресей, «Әл арабия» деген арабатың телеарнасы Бразилиядан, Италиядан әлемнің түкпір-түкпірінен бар. Европа елдерінен Әзірет Сұлтан мешіті жайлы телебағдарламалар жасаған. Мешіттің телерадио студиясы мен сайты да жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар мұндағы арнайы курстарда діни сауаттылықты арттыруға болады. Ал нысанды жарықпен, жылумен қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселесі диспетчерлік жүйеде басқарылады.  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру