Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Анкарада ерекше кітапхана ашылды

muftyat.kz 25.01.2018 4220 0 пікір
Анкарада ерекше кітапхана ашылды

Анкарада қоқыс жинаушылар ерекше кітапхана ашты. Олар қоқыс жәшіктеріне тасталған кітаптарды үзбей ұқыптылықпен жинап келген. Қоқыс жинаушылар бірнеше айдан бері адамдар тастаған кітаптарды жинаған. Қазір осы кітаптардан жасақталған кітапхана жергілікті түрме мекемелері мен мектептерге өз көмегін тигізіп отыр.

«Бір жағынан, бұл кітаптарды адамдар керексіз санап көшеге тастап кеткен. Екінші жағынан, кітаптардың өзге адамдарға пайдасы тиді» дейді Анкараның Чанкая ауданы басшысы Алпер Ташделен.

Ерекше кітапханға ескі кірпіш фабрикасы ғимаратынан орын берілген. Бұл жерде сондай-ақ, ауданның санитарлық қызмет басқармасы орналасқан. Сондай-ақ, оқырмандар мен шахмат ойыншыларына жағдай жасалған.

"Қоқыс арасынан кітап көргенде қуанамыз,- дейді қоқыс жинаушы Ефэ Акпынар, көзі ашық адамдар кітапты сөмкеге салып, қоқыс басына іліп кетеді, ал біз оларды алып келіп, осы жерде істейтін досымызға береміз. 

Чанкая ауданы қоқыстардан табылған кітаптарды тазалап, ретке келтірген соң кітапқа мұқтаж оқу орындарына жіберуді жоспарлап отыр. 


Суретте: Фабриканың бұрынғы кезінен көрініс

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру