Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ұлыбританияда «жалғыздық жөніндегі министрлік» пайда болды

baq.kz 18.01.2018 3701 0 пікір
Ұлыбританияда «жалғыздық жөніндегі министрлік» пайда болды

Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй өз үкіметінде жаңа пост – «жалғыздық жөніндегі министрлік» құрды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Бұл лауазымға парламенттегі спорт және азаматтық қоғам жөніндегі министрдің орынбасары Трейси Крауч тағайындалы.

«Қазіргі уақытта адамдардың көбі үшін жалғыздық қайғылы шындыққа айналып кетті. Мен біздің қоғамымыз үшін осы мәселемен күрескім келеді. Сондай-ақ, егде жастағы адамдарға, жақындарынан айырылғандарға, яғни әңгімелесетін, ойы мен тәжірибесін бөлісетін ешкімі жоқ адамдарға көмектесуді қалаймын», - деп жазылған премьер-министрдің хабарламасында.

Премьер-министр жаңа лауазымды жалғыздықпен күрес жөніндегі парламенттік комиссияның ұсынысы бойынша құрды.

Мұндай комиссияны кезінде Джо Кокс өзінің парламенттегі әріптесі Сима Кеннедимен құрғысы келген. 2016 жылы Кокстың қазасынан кейін парламентарий оның жалғыздықпен күреске қатысты жұмысын жалғастыруды ұйғарып, жақында комиссияның құрылғаны туралы жариялаған болатын.

Сонымен қатар, тоғыз миллионнан астам британиялық азамат үнемі немесе жиі жалғыздық азабын тартатыны туралы да хабарланған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру