Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ташкентте азан шақырыла бастады

muftyat.kz 10.01.2018 3834 0 пікір
Ташкентте азан шақырыла бастады

Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары ел астанасы Ташкент қаласында дауыс ұлғайтқыштар арқылы азан шақырыла бастады, деп хабарлайды kazislam.kz интернет порталы.

«Хазрати имам» астаналық мешітінің имамы Хабибулла Абдурразаков жергілікті жұртшылыққа республика президенті Шавкат Мирзиеевтың енді мешіттегі азан арнайы дауыс ұлғайтқыш құралдар арқылы орындалуына рұқсат беретін қаулысы шыққанын жеткізді. Осынау игі істен соң Ташкент мұсылмандар қауымы ел президенті үшін жиылып дұға жасады. Еске салсақ, 5 қаңтар күні Өзбекстан президенті Мирзиеевтың қатысуымен халық депуттаттарының Ташкент облыстық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Жиында Ташкент облыстық мешіті ғимаратын қайта өңдеу жұмыстары мен Құран оқудан конкурс өткізу мәселелері қаралды. Аzon.uz сайтының мәліметінше, елде мешіт саны уақыт өте көбейіп келеді. Мешіттердегі азан рәсімін дауыс ұлғайтқыштармен шақыруға тыйым бұрғынғы президент Ислам Кәрімовтың тұсында орын алған.   

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру