Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Жамағатқа тəлімдік парақша таратылды

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz     08.01.2018 3345 0 пікір
Қызылорда: Жамағатқа тəлімдік парақша таратылды

Мешітке келген жамағатқа құнды кеңестер беріп, уағыз насихатты жеткізудің жолдары көп екені белгілі. Яғни, арнайы кездесулер ұйымдастыру, уағыз айту, ақпараттық тақтайшалар орналастыру және т.б.

Осы бағытта мешітке келген көпшілікке жақсы да пайдалы кеңестер беру мақсатында қалалық «Айтбай» мешітінде арнайы «Алтыннан құнды кеңестер» атты парақшалар таратылды. Парақшада бір айлық намаз оқу кестесімен қатар Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өсиеттері қамтылды.

Осы игі іске қолдау көрсеткен жомарт жүректі азаматтарға мешіт ұжымы мен жамағаттың ризашылығы мол болды.

Бір сөзінде ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Дін дегеніміз - насихат» дейді. Сахабалар «Кімдер үшін насихат?» деп сұрағанда, «Алла және  елшісі, кітабы, мұсылман басшылар және бүкіл мұсылмандар үшін» деп жауап берген екен. Демек, бұл шара да өз алдына насихат ретінде берері мол екені сөзсіз.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің «Жастар ісі» секторының бұл шарасы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру