Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ғалымдар ішімдіктің тағы да бір зиянын анықтады

baq.kz 29.12.2017 4236 0 пікір
Ғалымдар ішімдіктің тағы да бір зиянын анықтады

Ғалымдар ішімдіктердің ішек-қарын жолына зиян келтіретінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Батыс Сидней университетінде жұмыс істейтін австралиялық гастроэнтеролог Винсент Хо алкогольді ішімдіктердің тағы да бір зиянын анықтады. Ғалымның айтуынша, оны мөлшерден көп тұтыну асқазан жасушаларының зақымдануына алып келеді.

47 ерікті қатысқан зерттеу нәтижесіне сәйкес, алкогольді ішімдікті көп тұтынған кезде асқазан жасушаларына зақым келіп, қансырайтыны анықталды. Бұдан өзге қызыл шараптың ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі жасайтыны белгілі болды. Құрамында 60-80% алкоголі бар ішімдіктер ауыз қуысындағы бактерилерді бір минут ішінде жойып жібере алады. Ал құрамында 10% спирті бар ішімдіктен кейін жасушалар 24 сағат ішінде қалпына келе бастайды. Ішімдікті ұзақ уақыт бойы тұтынатын адамдарда іш өту, құсу сынды ауру белгілері пайда болады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру