Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Енді Иранда исламдық киім кимеген әйелдер қамауға алынбайды

baq.kz 29.12.2017 4012 0 пікір
Енді Иранда исламдық киім кимеген әйелдер қамауға алынбайды

Иран астанасының полициясы бұдан былай исламдық киім кимеген әйелдерді қамауға алмайды. Оның орнына түсіндіру орталығына жібереді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

 "Тегеран таймс" газеті 28 желтоқсанда полиция генералы Хоссейн Рахимидің сөздеріне сілтеме беріп, ислам дресс-кодын кимеген әйелдер жауапқа тартылмайтынын хабарлады.

"Тасним" Иран ақпарат агенттігі әйелдер жауапқа тартылудың орнына арнайы лекцияға жіберілетінін жазады. Ережені екінші қайтара бұзған әйелдердің ғана жауапқа тартылатыны айтылған.

Рахимидің мәлімдеуінше, Тегеранда дресс-кодқа байланысты 100-ден астам кеңес орталығы жұмыс істейді. 1979 жылғы революциядан кейін, Иранда киім кию үлгісінде консервативті ереже орнатылды. Бұл ережеге сәйкес, Иранда әйелдер шашын жауып, ұзын, бос көйлек киюі керек.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру