Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

СИРИЯДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫ РЕТТЕУДЕ АСТАНА КЕЛІССӨЗІНІҢ МАҢЫЗЫ ҮЛКЕН

Kazislam.kz 28.12.2017 3307 0 пікір
СИРИЯДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫ РЕТТЕУДЕ АСТАНА КЕЛІССӨЗІНІҢ МАҢЫЗЫ ҮЛКЕН

«2017 жыл Қазақстан үшін жарқын оқиғаларға толы болды. Оның ішінде EXPO халықаралық көрмесі, Сириядағы дағдарысты реттеуге бағытталған Астана процесі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын ерекше атап өтуге болады» дейді Түркияның белгілі саясаттанушысы Ахи Евран университетінің профессоры Куршад Зорлу.

Сарапшының пікірінше, бұл маңызды халықаралық іс-шара Қазақстанның аймақта және әлемдік қауымдастықтағы ықпалын күшейтіп, мәртебесін өсірді. Куршад Зорлу, Ахи Евран университетінің профессоры, саясаттанушы:

2017 жыл Қазақстан үшін өте маңызды болды. Елді танытатын бірқатар халықаралық шара сәтті өтті. Әсіресе, күн тәртібінде тұрған Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған маңызды бастамаларға мұрындық болды. Қазір Сирияда қантөгіс тоқтады десек, ол Астанадағы келіссөздердің жемісі деп қабылдауымыз керек. EXPO 2017 көрмесінің ұйымдастырылуы да айтарлықтай үлкен жетістік. Сонымен қатар биыл Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысына кірісті. Қазақ елі бұл асқан жауапкершілікті абыроймен орындайтынына сенімдімін. Сондықтан, жаңа жылда жаңа белестерді бағындыруға тілектестік білдіремін.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру